Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек

21:49, 17 қараша 2016

Төлемдер мен салық заңнамасы бөлігіндегі төлем жүйелерінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол туралы бүгін «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының тікелей эфирінде өткен Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы жария етті

Енді жеке тұлғадан бастап ірі бизнес өкілдері шетелден мүлік немесе қаржы қабылдағаны туралы жасырмай мемлекеттік кіріс органына жария ететін болады. Мұндай жүйе дамыған елдерде ұзақ жылдардан бері қолданылып келеді. Сондықтан халықаралық тәжірибеге сүйеніп Заңға өзгерістер енгізілгендіктен салық төлеушілердің құқықтары шектелмейді дейді кіріс департаментінің басшысы. Егер азамат шетелдік көзден ақша алғанын хабарламаса, немесе жалған ақпарат берген жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

Сондай-ақ аталған Заң қолданылмайтын жағдайлар белгіленген. Адвокаттар, нотариустар, дипломатиялық өкілдер және мектепке дейінгі мекемелер мен орта білім орындарына Заңның бұл талаптарын орындау міндеттелмеген.  Бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының 4 мекемесі бірқатар шетел көздерінен қаражат қабылдағаны туралы хабарлаған.

Айта кету керек, ақша қабылдаған тұлғалардың ақпараты қаржы министрлігінің сайтында жарияланатын болады.

Асылбек ТОЙБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...
Қаражал қаласында былтыр барит кенін қайта өңдейтін кешен ашылды
17:45, 3 қараша 2016
Қаражал қаласында былтыр барит кенін қайта өңдейтін кешен аш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...