Бүгінгі таңда Қарағанды облысының ауылшаруашылығында жалпы құны 34 млрд.теңгені құрайтын 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

16:04, 27 сәуір 2016

Бүгін Қарағандыда «Қарағанды-инвест-2016» халықаралық форумы өтіп жатыр. Белгілі болғандай, шетелдіктерді облысымыздың өнеркәсіп мүмкіндігі ғана емес, ауылшаруашылық саласы да қызықтырды. Оның себебі де түсінікті. Өйткені Қарағандыда агроөнеркәсіп саласы қарқынды даму үстінде.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының ауылшаруашылығында жалпы құны 34 млрд.теңгені құрайтын 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Оның 10-ы индустриаландыру картасына қосылған. Нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашалады.  

Бұл жобалардың ішіндегі соңғы жылдары ең инновациялық жоба деп танылған – құрғақ қымыз өндіру бойынша зауыттың іске қосылуы.  «Евразиан Инвест» кәсіпорнында арнайы құрылғыда кептіру арқылы 

ұлттық сусын жасайды.

Аймақтың агроөнеркәсіп саласы  тек отандық кәсіпкерлер ғана дамытып жатқан жоқ. Шетелден инвесторлар тартылуда. Мәселен, Италияның «Италь Бовини» ет комбинаты біздің өлкеде мал шаруашылығына инвестиция құюға құлшынып отыр. Және облыс әкімімен меморандумға қол қойып үлгеріпті.

Ал Бұқар жырау ауданында 4 мал шаруашылығы кешенінінің және жем-шөпке арналған 2 арнайы орынның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жерде ветеринарлық пунктің қабырғасы қалануда.

Осы жылдың жазында бордақылау алаңы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...