«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аймағымызда мыңнан астам жоба мемлекеттен қолдау тапқан

22:03, 26 қыркүйек 2016

Ал, ағымдағы жылы олардың қатарын тағы да 160 кәсіпорын толықтырды. Жаңа өндірістердің басым бөлігі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларына тиесілі. Дегенмен, бағдарлама баяу жүргізіліп жатқан аудандар да бар. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиынында мәлім болды

Соңғы бес жылда өңірімізде 119 млрд теңгенің 1048 жобасы қолдау тауып, кәсібін дөңгелеткен. Нәтижесінде аймақтың нәсібін кәсібінен тауып жүрген азаматтары мемлекеттен субсидия, несиелерге ішінара кепілдікпен инфрақұрылымды қайта жаңғырту бойынша көптеген көмекке қол жеткізді. Жақсы көрсеткіш пен нәтижелі табыстың қарқын алуына Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында жүзеге асырылған ілкімді істер септігін тигізген. Алайда, үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықты Ақтоғай, Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандары мен Қаражал, Сәтбаев қалалары тиімді пайдаланбай отырған көрінеді.

Мемлекеттік қолдау арқылы 2013 жылдан бері отандық өнімге ден қойған кәсіпкерлерге жалпы сомасы 535 млн теңгенің 181 шағын несиесі үлестірліген. Кәсіпкерлердің басым бөлігі қолдағы қаражаттарын  өндірістік сала мен агрокешенді дамытуға жұмсаған. Биылғы жылы тағы да 50 кәсіпкер шағын несие қол жеткізеді. Олардың ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер де бар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...