Биыл 11 айда Қарағанды облысының қазынасына 106 миллиард теңге кіріс түскен

17:10, 8 желтоқсан 2015

Бұл негізгі жоспар 97 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Дегенмен жеке табыс салығының көзделген межеге жетпей қалуы салдарынан бюджетке 2 млрд теңге кем түскен. Қаржыны игере алмаған өңірлер облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат жиналысында мәлім болды

11 айда облыс бюджетінің орындаулы 97 пайызға ғана жеткен. Жоспарланған қазына қаржысының игерілмеуі Қарағанды, Сәтбаев, Шахтинск, Саран, Қаражал қалалары мен  Бұқар жырау ауданындарына белгілі болып отыр. Бұл тізімде құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық, денсаулық басқармалары да бар. Сондай-ақ жоспарланған түсімнен 1 млрд. 909 млн.теңге бюджетке құйылмаған. Себебі  көзделген көлемде  жеке табыс салығы түспеген.

Қаржыны жыл соңына дейін игеруге әкімдіктермен қатар басқармалар да уәде беріп отыр. Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қазына қаражатын және трансферттер мен несиелерді мақсатты түрде, дер кезінде толықтай жұмсауды жүктеді. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жұмысты күшейтуді де қатаң тапсырды.

Облыстық мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының басшысы аппарат жиналысында мемлекеттік сатып алу бойынша биылға жоспарланған 787 конкурс пен аукцион өткізілгенін айтты. Оның жалпы құны - 34 млрд.195 млн.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда, 776 конкурстың нәтижесі шығарылыпты.

Атап өткен жөн, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасы құрылыс және қайта жөндеу, көлік жолдары құрылысы мен жөндеу, жобалау жұмыстары бойынша бірегей конкурс ұйымдастырушысы болып танылған. Бұл реттегі  барлық конкурстық жұмыстар аяқталған.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...