Аймағымыздың кей өңірлерін өркендету мақсатында республикалық, облыстық қазынадан 350 миллиардтан астам қаржы бөлінді

19:54, 19 сәуір 2016

Тың бастамаға арналған жобалар облыстық мәслихаттың тұрақты коммисиясының отырысында талқыланды

Алдымен Жезқазған, Сәтпаев қаласы мен Ұлытау аудандарының 2012-2020 жылдарға арналған  әлеуметтік экономикалық дамуына бағытталған кешенді жоспар назарға алынды. Аталған өңірлерді өркендету мақсатында  республикалық, облыстық қазынадан 350 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Мәселен Жезқазған қаласында 261 миилард теңгеге 46 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал Ұлытау ауданында «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үй құрылысы қарқын алып, орталық аурухана қайта қалпына келтірілуде.  Биыл желтоқсан айында кешенді жоспарға сәйкес бір нысан яғни  спорттық сауықтыру кешені қолданысқа берілмек.

Сәтпаев қаласының әлеуметтік экономикалық даму бағытына  59 миллиард теңге бөлініпті. Мұнда қазына қаржысы минералды шикізат базасын кеңейтіп, индустриялды иновациялық саланы дамытып, тұрғын үй коммуналды шаруашылықты қайта жаңғыртуға жұмсалмақ.

Ал Ботақара кентінде кешенді жоспарға сәйкес 45 жоба жүзеге асырылады. Былтыр шағын және орта бизнес саласы бойынша тойхана мен  ауылшаруашылық өнімдері қолжетімді бағаға саудаланатын әлеуметтік павильон ашылған. Сондай-ақ металпластикалық есік пен терезе шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады. Аудан орталығында 464 орынға бағытталған қазақ орта мектебі еңсе тіктеп, көшелер жарықтандырылды.

Осакаров кентінде де 2014-2018 жылдарға бағытталған жұмыстар жетерлік. Өткен жылы 600 орынға арналған мектеп салынды. Аудан орталығының көшелері кеңейтіліп, жолдар  жөнделіп, қайта қалпына келтірілді.

Тұрақты коммисия отырысының соңында депутаттар қарастырылған әр жобаға сәйкес тиісті шешім қабылдады.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...