27 сәуір күні инвестиция тарту саласында жылдың үздік жаңалығының бірі «Қарағанды инвест-2016» шарасы өтеді

20:22, 22 сәуір 2016

Халықаралық форум 500 ге жуық шағын және орта бизнес өкілдерінің басын қоспақ. Оған отандық және шетелдік ірі кәсіпорын басшылары, ұлттық компаниялар мен сарапшылар қатысатын болады

«Қараганды Инвест — 2016» халықаралық форумы. Бұл шет елдік және қазақстандық бизнес қауымдастығы өкілдеріне арналған сұхбаттасу алаңы. Жобаларын таныстырып, әлеуетті инвесторлармен тікелей сөйлесуге және жаңа серіктес табуға арналған мол мүмкіндік.

Мұндай инвестфорум Қарағандыда осымен төртінші рет өтеді. Бірінші рет 2007 жылы , одан кейін 2008,2012 жылдары өткен болатын. Соңғы төрт жыл бойы халықаралық форум өткен емес. Осы уақыт аралығында Қарағанды аймағында қаражат құюды қажет ететін инвестициялық жаңа жобалар бой көтеріп үлгерді.

Форумдардың арқасында Қарағанды аймағына екі жарым миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. Оның 80 миллионға жуығы шетелдіктердің қаржысынан түсті.  Сәтті жүзеге асқан жобарлардың қатарында Балқаштағы «Сары қазына», Теміртаудағы «Линде газ» өндірістік газы, Қаражалдағы барит концентратын өндіретін фабрика бар.

Бұл форумда ірі инвестицияларға да үміт бар. 500-ден астам  шағын және орта бизнес саласының өкілдері, шетелдік ірі компания басшылары қатысады деп күтілуде. Халықаралық меморандумдардан бөлек, инвестициалық келісімдерге де қол қойылатын болады.

Айта кетейік, алдағы форумда биыл ғана құрылған инвесторлар кеңесінің алғашқы отырысы өткізіледі. Онда Қарағанды облысына инвесторлар тарту бойынша стратегияның тұсауы кесілетін болады. 

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...