ЖАҢА ЖАСТАР ТЕАТРЫ

14:17, 9 қаңтар 2019

Жезқазған қаласында Жастар театры ашылды. Бір ерекшелігі, өнер ұжымының құрамы сан сала мамандарынан құралған. Яғни мұғалім, дәрігер зауыт қызметкерлерінен бастап оқушыларға дейін бар. Әр мамандық иесі өзінің негізгі жұмысын аяқтаған соң, театрға келіп, рухани азық алып, тағылымы мол спектакльдерді көрермен назарына ұсыныды

Жас әртістер  спектакльге соңғы  дайындықтарын пысықтауда. Себебі қазір қойылымды режиссер алдында сахналайды. Бұл өнерпаздар үшін жауапты сәт. Сондықтан киімдерін жөндеп, беттерін әрлеп, іске кіріспек. Жас әртістер қазір Сәкен Жүнісовтың драмасы бойынша «Жаралы гүлдер» қойылымын сахналауда. Соғыс кезіндегі түрлі тағдырды бейнелейтін спектакльдің мамұны мағыналы. Басты кейіпкер - әкесі мен үш ағасын майданға аттандырып, бүтін  бір отбасыға ие болып қалған 13 жастағы Қасым. Бұл жауапы  рөл Аружан Шуақпайға тапсырылған. Өнерпаз ер баланың бейнесін сомдау оңай болмаса да тырысып жатқанын айтады. 

Аружан ШУАҚПАЙ, 11-сынып оқушысы:

-Бұл рөлді түсінудің өзі қиын болды. Өйткені біз жас балалар 21 ғасырдың. Соғыстың не екенін білмейміз. Кемел болашақта өсіп келеміз.  Соғыстың жайын, ата-әжелеріміздің не көргенін қатты біле бермейміз. Сондықтан барынша көмектескен режисер ағай. Өте қиын кезең суреттеледі. Бұнда жылау да бар, балалардың әзілі бар. Дегенмен астарында ащы шындық жатыр.

«Аланым» жастар театры 2017 жылы Жезқазған қаласы  жастарының белсенділігімен құрылған. Мұнда 11 мен 29 жас аралығындағы 78 өнерге жаны жақын жандар келіп, сахнаға шықсам деген армандарын жүзеге асырады. Осы мақсатты діттеген ұланның бірі Ерасыл Баймусинов.

Ерасыл БАЙМУСИНОВ, 9-сынып оқушысы:

-Театрды естіген кезде смен өзім осында ойнау керек деп шештім. Сөйтіп осы жаққа келем деп бел будым. Режисердың көңілінен мен сенімділігімен батылдығымның арқасында шықтым деп ойлаймын.

Әртістік өнерден бөлек, мамандар вокал, хореграфия, видео түсірілім бойынша үйірмелер өткізеді. Себебі театрға жан-жақты талант иелері керек. Қазір өнер ұжымының репертуарында «Құстар фестивалі», «Айман Шолпан», «Услыш меня», «Мир Моды» сияқты бірнеше қойылым бар. Жалпы жастар театрының құрудағы негізгі мақсат жас буын өкілдерінің бос уақытын тиімді пайдалану. 

Жасұлан ТҮСІПБЕКОВ, «Аланым» жастар театрының қоюшы режиссеры:

-Алағшқы уақытта  біз кастинг жасадық. Хабарландыру бердік. Бірақ балалар келді. 10 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар келді. Бәрібір адамның ішінде талпыныс бар. Біреу ән айқтысы келеді, біреу би билейді, біреу сахнаны аңсап жүреді. Актерларға басты талап шынайылық.

Шығармашылық ұжым Павлодар, Астана, Екібастұз тәрізді қалаларға барып, өнерлерін көрсетіп қайтқан. Келешекте гастрольмен еліміздің түкпір- түкпірін аралап, облыстық, республикалық театр фестивалдеріне қатысуды жоспарлайды. Бұған дайындық қызу.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар