ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ

18:55, 11 қаңтар 2019

«Қазақстан» ұлттық арнасы 13-ші қаңтардан бастап «Ұлы дала сазы» деп аталған жастар музыкалық жобасының тұсауын кеседі. Оның мақсаты өскелең ұрпақ алдында ұлттық музыкалық аспаптардың құндылығын дәріптеу.

 

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» республикалық теле радио корпорациясы акционерлік қоғамынының басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді. Оның сөзінше жоба 17 блоктан тұрады, әр шығарылымы 1 сағат уақытты құрайды. Жобада елдің түкпір-түкпірінен келген 91 өнерпаз 177 туындыны орындаған. Олардың арасында жыршы, термеші, күйші мен әншілер бар. Бірінші маусымға келе алмаған өнерпаздар екінші маусымға келуіне мүмкіндік бар дейді ұйымдастырушылар. «Ұлы дала сазы» музыкалық жобасы әр жексенбі сайын сағат 21:05-те эфирге шығады.   

Ерлан ҚАРИН,  «Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы:
-Президенттің рухани жаңғыру, ұлы даланың 7 қыры мақаласы бізге шабыт беріп, қанат бітіреді. Осы идеямен қаруланып, осы жобаны бастап отырмыз. Енді бұйырса ұлттық өнер насихаттауға мүмкіндік ашылады. Жас буынның да аға буынның да халыққа кен көлемде көрсетеміз.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар