ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

14:40, 10 қаңтар 2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы елжанды азаматтардың өскен өлкесіне деген шынайы адалдығын айқындады. Келешекке сенімін нығайтты. Бағдарлы бастама шеңберінде аймағымызға қарасты қала, аудандардың келбеті көркейіп, келісті.Былтыр бірнеше балалар алаңқайлары мен оңтайлы орталықтар қолданысқа берілді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ескерткіштер еңсе тіктеді. Өркениетті өрістету үшін жасалған жүйелі жұмыстарды әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы қаламының ұшына тізбектеген еді

Қарағанды облысы бойынша жалпы саны  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 479 жоба жүзеге асыру міндеті тұр. Олардың құны 16 миллиардтан астам теңгені құрайды. Жауаптылардың мәлімдеуінше, өткен жылы өңірімізде 200-ден астам игі бастама қанат қаққан. Атымтай азаматтардың қомақты қаржысына  алаңқай, аллея және спорт нысандары салынды.

Серік САНАУБАЕВ, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің  бас менеджері:

-Тек ғана санға емес, сапаға баса мән бердік.Біршама жұмыстар атқарылды.  Жобаға қажетті қаржының жетпіс пайызын  кәсіпкерлер шығарды.

Бір ғана мысал 2018 жылы  Қарағанды шахарының шырайын кіргізіп, екі жүрек аллеясы аллеясы ашылды. Ашық жер әп-сәтте көшеттермен көмкерілді. Қос жүрек аллеясының композициясы да қаланың ажарын аша түсті. Ал «Туған жер» жобасына сәйкес теміртаулық кәсіпкерлер  саябақты жаңартты. Толығымен ретро стильде жасалынған ерекше демалыс орнына мемлекет басшысы арнайы ат басын тіреп, аралап көрген болатын. 

Евгений МОРОЗОВ, Теміртау қаласының тұрғыны:

-«Қаламызда серуендеуге арналған осындай әдемі орынның пайда болғанына қуаныштымын. Менің ойымша, бұл саябақ бос уақытыңды тиімді әрі, пайдалы өткізуге зор ықпалын тигізеді.»

Былтыр Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойы  ат тұяғын дүбірлетіп, дүркіретіп тойланды.Ұлы бабаның мәңгілік мұрасы жаңғырды. Ұлт ұясы Ұлытаудың төрінде «Жезкиік» халықаралық фестивалі шымылдығын түрді.Үш құрлықтың үні тарихи өлкенің аспанында қалықтады.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

 -Егер ежелгі Ұлытауда үш жүздің басы қосылса, бүгінгі Ұлытауда үш құрлықтың өкілдерінің бастары қосылып отыр. Шынында да бұл біздің тәуелсіздігіміздің, сол тәуелсіздікке жеткізген Елбасының саясаты мен еңбегінің арқасында деп мен ойлаймын.

Ал Жаңаарқа ауданының кәсіпкері 15 миллион теңгеге  Мейіржан Әбілдин бос тұрған ғимаратты бастан-аяқ жөндеп, қалыпқа келтірді.Нәтижесінде ауданға келген дәрігерлер  жайлы жыл баспанаға қоныстанды.Сонымен қатар аталған өлкеде алтын құрсақты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылды. Ауданда ұлттық спорт түрлерін мектеп түлектері  қайта түлетіп, тамырына қан жүгіртті.Бабадан қалған бекзада өнерді өрлетті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

Бұдан бөлек Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығы жастарға есігін айқара ашты.Жобаның құны 30 миллион теңге. Бұл жер жігерлі жастардың  Отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруге мүмкіндігін  едәуір молайта түсті. Нұра ауданындағы мәрт меценаттардың демеушілігімен  Шахтер ауылында Тәуелсіздік стелласы еңсе тіктеді. Баршын мен жастар аллеясы абаттандырылды.Жараспай елді мекенінде жаңаша кейіпке еніп,суретке түсетін,яғни  сәнін келтіретін  иллюминация тұрғызылды.  Ақтоғайлық бизнесмендер де қарекет қарымтасынан қалыс қалмады. Аймақта тоқсан жылдыққа тарту ретінде әйбәт домбыра монументі қойылды. Абай ауданын қарасты  Ақбастау ауылында  балалар алаңқайы кшікентайлардың кәдесіне берілді. Туған жерін түлету  мақсатында тамшыдай үлес қосуды перзенттік парызы санаған  кәсіпкер Саяхат Ыбышев  балалар алаңқайын орнатуды  бірден ұйғарған.Бүлдіршіндер асыр салатын «Балдәурен» атты  кешенді тұрғызуға  ол 5 миллион теңге қаражат жұмсаған.

Саяхат ЫБЫШЕВ, «Сарыарқа»  агроөнеркәсіптік холдингі   ЖШС директоры:

- Әр ер азаматтың парызы – туған жерге деген жанашырлығы ауылымызға деген кішкене бір сыйлығымыз ретінде болсын деп осындай алаң салдық.Сол кішкене бір үлесімізді қосып, ауылдың көркейіп дамуына деп үлес көрсетіп жатырмыз.Балалар біздің болашағымыз.

Өткен жылы Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде 320 орындық мешіт құрылысы қарқын алды. Тәңір үйін  салу жұмыстары  «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  есебінен жүргізілуде. Игілікті жобада жаңғырудың айқын айғағы.Сондай-ақ Саран қаласында 100 табысты тарих атты кітап жарыққ шығарылып, көзі қарықты оқырманға жол тартты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар