Теміртауда ең үлгілі отбасы таңдалды

Құрышты шаһарда «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті. Куриленко жанұясы мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге тартқан

19:09, 17 мамыр 2017   262

«Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауына қатысушы жанұялардың барлығы - шығармашыл, бірлігі жарасқан, өнегелі. Теміртауда да мұндай обасылар өте көп.

Ғалымжан СПАБЕКОВ Теміртау қаласы әкімінің орынбасары

Бұл жылы Теміртау қаласының жанұяларының қатысуы белсенді. Ол творчествалық, интелектуалдық, мәдени және еңбек семьялары болып табылады. Бұл жылы 15 жанұя қатысты.

Ақтық сайысқа 6 отбасы өтті. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Арасында металлургтер, дәрігерлер әулеті бар. Мысалы Касапида жанұясының отағасы Анастас жоғары білікті хирург. Ол көптеген науқасқа сәтті ота жасап, алғысқа бөленген жан. Оның әкесі де Теміртауда белгілі хирург болған. Анасы Деспина Касапида 30 жылдан астам уақыт бойы қоғамдық жұмыспен белсенді айналысып келеді. Грек этно-мәдени бірлестігіне жетекшілік етеді. 

Деспина КАСАПИДИ  байқауға қатысушы

Біздің отбасының басты құндылығы - татулық. Менің жарым өмірден озғанда ұлым 17 жаста, қызым 3 жаста болды, сонда ұлым әкесінің міндетін атқарды. Қиындықтардың азабын тарттық. Бірақ біз мұның барлығын жеңіп, жанұямыздың берекесі артты.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары «Алтын отбасы», «Шығармашыл», «Тату отбасы», «Алтын жүрек», «Дәстүрлерді сақтаушы отбасы» номинациялары бойынша марапатталды. Ал байқаудың бас жүлдесіне лайықты деп Куриленко жанұясы таңдалды. Олардың 7 атасынан өрбіген ұрпақ бүгінде бір қауым. Отағасы Николай Куриленко Ұлы Отан соғысының ардагері, оның жары тыл ардагері. 65 жыл бірге өмір сүрген ардақты қариялар өткен жылы темір тойларын атап өтті. 5 бала тәрбиелеп, өсіріп,  бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әже.

Николай КУРИЛЕНКО отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары

Жас отбасыларға алдымен тату тұруға, бір-бірін сыйлауға ақыл айтамын. Осы екі қасиет жанұяны сақтайды. Барлық отбасыларда бақыт орнасын.

 

Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлақтар табысталды. Ал жеңімпаздар қала мейрамханаларынң бірінде романтикалық кешкі ас ішіуге сертификат берілді. Сондай-ақ бұл күні көп балалы аналарға «Алтын алқа» және Күміс алқа» берілді.

Асылбек ТОЙБЕК

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25