ТЕЛЕАРНА ТАНЫТҚАН ТАЛАНТТАР

12:34, 28 сәуір 2018

Арнамыздың мерейтойына арналған бейнематериалдар топтамасын жалғастырамыз

Биыл тарихы бай, дәстүрі мол «Saryarqa» телеарнасына 60 жыл. Жарты ғасырдан астам жылдар аралығында аймақтың басты арнасы қаламының сиясы кеппеген тілшілердің кәсіби шеберлігін шыңдап, жұлдызын жақты. Жезтаңдай әншілердің есімін елге етене таныстырды. Ал, бүгінгі кейіпкеріміз – тағдырын телевизиямен тығыз байланыстырған, алғашқы хабарларға қатысқан қос қарлығаш Назипа мен Гүлзипа Асқарова.

Кешегі оқиғаның ертең тарихқа айналатыны сөзсіз. Ал, «Сарыарқа» телернасының студиясында Нәзипа мен Гүлзипа апаның сайраған жолы жатыр. Алпысыншы жылдардың басында дәл осы үлкен павильионның төрінде ән шырқағанда олар небәрі  өрімдей  он бес пен он алты жастағы қыздар еді. Алғашқы жылдары телеарнадан көрсетілген концерттерде қос өнерпаз өнер көрсетіпті.

«Saryarqa» телеарнасының түсірілім алаңында түскен  мына суреттер өнегелі жандар үшін ескірмейтін естелік  іспеттес.Уақытқа көз жүгіртіп қарасаңыз фотолар 60 пен 70- інші жылдардан сыр шертеді.Сапрана және альт дауыс иелері  студенттік шақтан бастап Егінбұлақ ауылындағы бұрынғы Тәттімбет ансамбілінде өнер көрсеткені әмбеге аян. Ал, әншілікпен тілшілікті тең ұстаған Назипа Асқарова Қарқаралы аудандық газетінде бас редактор қызметін асқан адалдықпен атқарды. 2000 жылдары аймақтың басты арнасында «Әдеп» танымдық хабарын тізгіндеді.

Назипа АСҚАРОВА, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ардагер әнші

Студияның хабарына өнерпаздарды шақырғанда Саранның педагогикалық ансамбілінде шақыратын.Оның солисті ретінде мен барып,  осы жерде ән айтып тұратынмын. Сондықтан,  телестудия маған туған үйімдей ыстық.

Арнайы ат басын тіреген ардагерлерді телеарнаның жаңарған келбеті таңғалтпай қоймады. Студияның жаңарған технологияларын апалы сіңлілер рухани жаңғырудың жарқын көрінісіне балады. Телевизиямен тетелес асыл аналар алпыс жылдыққа  тосын сый жасады. Алғаш  рет өздері осы жерде орындаған яғни, арнамыздың эфирінен берілген Шәмші Қалдаяқовтың «Ол –жалғыз, біз –екеуміз» әнін әуелете шырқады.

Гүлзипа АСҚАРОВА, Ардагер әнші 

Бізді ұмытпай осы уақытқа дейін көңіл бөліп, шақыртқан ұжымға ризамыз. «Saryarqa» телеарнасы көркейіп, гүлдене берсін. Көрермемендері өте көп болсын.

Зейнетке шықсада  қос ардагер өнерден қол үзген жоқ. Бүгінгі күнге дейін «Көзкөргендер» ансамбілінінің көрермендерін тамсандырып, арқа атын жар салдырып жүр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар