Шет ауданының жас мәдениет қызметкерлеріне бір реттік көтерме жәрдемақы берілді

22:17, 23 мамыр 2016

Биыл мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған марапат Шет ауданында 5 аталым  бойынша үздіктерін тапты. «Ауыл мәдениетінің үздік  қызметкері» жүлдесі осы салаға 35 жыл өмірін арнаған Рыскүл Досановаға  бұйырды. Ол аудандық мәдениет үйіне  режисер болып 17 жасынан жұмыс істеп келеді. Көрерменге талай тағылымды қойылым ұсынған  шығармашыл жетекші. 

Ал ақсақалдардың «Атамекен» хоры «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы» аталымында жеңімпаз атанды. Осымен 10 жыл 15 қария аудандық, облыстық деңгейдегі шараларда ән салып жүр. Хор құрамында 65 жастан бастап 83 жасқа дейінгі аталар бар. Олар өңірлерге  жиі гастролмен шығып тұрады екен.

Бұлдан бөлек «Үздік мәдениет үйінің меңгерушісі», «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы, «Ауылдың үздік кітапханашысы» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталды.  Ауыл түтінін түтетіп, еңбек етіп жатқан 2 жас маманға «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бір реттік 148 мың теңге көтерме жәрдемқы берілді.

Салтанатты шара соңы концертке ұласты. Өнер сүйер қауымға  көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастурышлар шараға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаевты шақырыпты. Танымал әнші  репертуарындағы үздік деген әндерді көрерменге тарту етті.

Өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің мәртебесі қашан да биік. Сондықтан ұлықталған мәдениет қызметкерлер ақшалай сыйақыға ие болды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар