Шет ауданындағы мәдениет саласының үздік қызметтеріне аудан әкімдігі құрмет көрсетті

20:26, 22 мамыр 2017

Үш ауылдың мәдениет үйін техникалық жабдықпен қамтамасыз ету үшін 1 млн теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Көңілді кеште жергілікті және танымал әншілер саханада өнер көрсетті

Шет ауданы танымал да талантты мәдениет майталмандардан  кенде емес. Оларды 100 адамның басын қосқан мерекелік шеруден көруге болады. Мерекелік шара бірнеше жыл осы салаға аянбай еңбек еткен ардагерлерді ұлықтаудан басталды. Биыл «Үздік мәдениет үйінің меңгерушісі», «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері», «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы, «Ауылдың үздік кітапханашысы», «Мәдени мұраны зерттеуге» және «Аудан мәдениет дамытуға қосқан үлесі үшін», атты 6 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Әрқайсысына ақшалай сыйлықпен статуэткалар табысталды. Бұдан бөлек аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғысы өз иелерін тапты. Ал Өспен, Талды, Үңірек ауылдарының мәдениет үйіне музыкалық аппарат үшін қаржы берілді.

Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ  Шет ауданының әкімі 

Мәдениет саласын дамытуға жыл сайын қаржы бөлініп келеді. Мысалы былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 11 мәдениет үйі жөнделді. Биыл мәдениет үйлерінің техникалық базасын жаңалауға 20 млн теңге бөлініп отыр.

 

«Аудан мәдениетін дамытқаны үшін» атағына Зәрубай Сүйіндікұлы лайықты деп танылды. Ол өмірінің 50 жылын өнер саласына арнаған.  Өлкентанушы, ұстаз, күйші, 60-қа жуық әннің сөзімен сазын жазған автор.

 

Зәрубай СҮЙІНДІКҰЛЫ күйші

Бізге осындай марапат арқылы елдің көңілі көтерілсін, біздің жұмысымыз ынталанып, жұмысы одан да жақсарсын деген ниетпен жасап жатқан іс шара екені белгілі. Биылғы Елбасының рухани жаңғыру, болашаққа бағдар мақаласына сәйкес бұл шаралар одан да әрі жандана түсетін түрі бар.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА тілші

Шет ауданында 300 ден астам мәденит қызметкері, 20 кітапхана, 25 мәдениет үйі және 2 мұражай бар. Мереке күні бұл   мекемелерер назардан тыс қалмады. Берілген ақшалай сыйлық енді осы мәдени ошақтардың өркендеуіне жұмсалмақ.

 

Концертте жергілікті өнерпаздардан бөлек, Жаңаарқа ауданының бір топ әншілері қонақ кәделерін ала келіпті. Сахнада дәстүрлі ән күй де орындалды. Ал қазақстандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекованың арнайы келуі аудан тұрғындарына  нағыз тосын сый болды.

 

Ақбота КЕРІМБЕКОВА эстрада әншісі

Әрине халықтың ықыласы, халықтың көңілі, пейілі бізді арнайы шақыртып, осындай меркелік шараға шақырту алып жатқанымызға әр өнер адамы үшін бақыт деп білемін. Сондықтан барлық өнер қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын.

 

Ақбота Керімбекованыңрепертуарындағы танымал әндерді халық тыңдап қана қоймай, сүйікті әншілермен бірге шырқап, тіпті билеп берді.   Рухани  мерекелік кеш әдемі  отшашумен аяқталды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар