Павлодар өнер ордасының Қарағандыдағы гастрольдік сапары басталды

16:47, 14 қараша 2017

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры арқа жерінің көрермендеріне бұл жолы үш қойылым ұсынады.Шығармашылық ұжым сапарының шымылдығы белгілі драматург Қанат Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» спектаклімен ашылды

Комедияда  Ермек пен Рүстем атты екі достың сүйіктілеріне сезімдерін  білдіре алмай қиналған қилы сәттері көрініс табады. Актер мамандығында оқитын студенттер ғашықтарына қол жеткізу үшін аянып қалмайды. Бірақ серілердің махаббаттарына еліктің лағындай ерке қыздар сеніммен емес, сезікпен қарап әлекке салады. Ақыры мың ойланып-жүз толғанып жігіттер  арулардың жүрегін балгердің өтірігі арқылы  жаулап алуды ойлайды. Қойылым соңында дегеніне жетпей қоймайтын қос жігіт сүйген аруларын қосылып тынады.Адал достықтың үлгісіде спектакльде бейнеленеді.Сахнада студенттік өмірге сәйкес  безендірілген.Негізгі рөлдерді тоғыз кәсіби актер ойнайды.Бірінші кезекте актерлердің шеберлігі мен шынайы ойнауы қойылымның салмағын арттыра түсті.Әсіресе ғашықтық әндер  көрерменге  айрықша әсер қалдырды. Керекуден келген шығармашылық ұжым төрт күн бойы қарағандылықтар назарына  «Ғашықтар хикаясы» және «Ғасыр қасіреті» сынды ой салатын туындыларды ұсынбақ.Сонымен қатар кішкентай көрермендер «Алдар көсенің дүрбісі» атты қызықты қойылымды тамашалайды.Ж. Аймауытов атындағы қазақ музықалық драма театрының репертуарында 1000 жуық спектакль бар. Өнер ордасында 25 музыкант пен 35 әртіс еңбек етеді.Сонымен қатар театрда симфониялық оркестр жұмыс істейді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Биыл қазақтың белгілі композиторы, әнші  Әсет Найманбайұлына 150-жыл
17:35, 19 қазан 2017
Биыл қазақтың белгілі композиторы, әнші Әсет Найманбайұлына...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...