Облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатына - 50 –жыл

Қуантарлығы ұлағатты ұстаздар білім мен өнер ордасының мәртебелі мерейтойын сабақтарын тоқтатпай-ақ тойлады.Себебі мұндағы майталаман мамандарға шәкіртінің ынтасы бәрінен қымбат

19:03, 20 сәуір 2017   322

Жыл сайын мамандандырылған музыка мектеп-интернатындағы озат оқушылардың қатары таланттармен толығып келеді. Дарынды дүлдүлдер мен күміс көмей бұлбұлдардың өнерге қанаттандырған киелі орданың жарты ғасырдағы атқарған істеріде ілкімді. 

«Елу жылда ел жаңа»- демекші, жиырма бірінші ғасырға сәйкес оқу ошағыда жаңғыруда.Сонымен қатар, мұғалімдер бабалардың сарқыттай сақталған сарқыншақтарын жас ұрпақтың санасына сіңіруде. Мектепте дыбыс жазу студиясы мен алты мамандандырылған бөлім бар.Балғындарға 26 түрлі аспапты үйренуге толыққанды  жағдай жасалынған.Ұйымшыл ұжым  алтын ұя өрендерін  өнерге баулитынын мақтан тұтады.

Мектеп-интернат түлектерінің есімі әлем елдеріне етене таныс.Ұстыны бөлек, ұстамы жақсы жүз жетпіс ұстаздың орны бөлек.Олар таланттарды тәрбиелеп, қырларын ашудан жалықпайды.Тәлімін терген, шәкірттері шетел сахналарының төрінде ән шырқап, күй төгілтеді.

Балалар музыкалық ілім мен жалпы білімді бірге алады.Концерттік кештер мен шаттықты шараларда жеткіншектер төгілтіп ән салады,таңырқап тамсанады, дуылдатып  көрермен қол соғады. Соңғы үш жылдың ішінде 630 оқушы  халықаралық және республиқалық байқаулардан лауреат атаныпты. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25