Қарағандылықтар мен қала қонақтары солтүстік қиырдан сыр шертетін суреттермен танысты

17:06, 16 ақпан 2017

Көрермендер белгілі қылқалам шебері Исмаил Ғалимовтың шығармашылығының арқасында бір серпіліп қалды

Облыстық бейнелеу өнері мұражайының төрінде айрықша көрмелер үнемі ұйымдастыралады. Суретші салған табиғат бейнелерінен солтүстік қиыр халқының тыныс-тіршілігімен етене танысасыз. Қылқалам шебері еңбектерін көпшілік назарына ұсыну үшін  бес жыл бойы ізденген.

Виктория ХРАПКО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері

Бейне бір ғажайыпқа жетелейтін картиналарды қарағанда ойланасыз, ойға батасыз.  Пейзаждар әдемі салынған. Тынбай тек төккені көрініп-ақ тұр. Бірақ бағасын беретін келушілер ғой.

Жетпіс сегіз жастағы өнер тарланы әртүрлі салада жұмыс жасаған. Шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық қызмет те атқарыпты. Қай салада еңбектеседе суретші бәрібір қылқаламын ештеңеге айырбастамады. 

Наталья ИВАНИНА    өнертанушы

Сурет қағазға сүйіспеншілікпен түседі. Жеке адамның өзгеге ұқсамайтын болмыс –бітімі болады. Әріптесім қияндағы құрлық әлеуметінің тағдырын туындымен сабақтастырған.

Автордың астары терең эскспозициялары әлемдік көзқарасты көрсетеді. Қыл қалам шебері барынша тыңнан түрен түруге тырысқан.

Исмаил ҒАЛИМОВ    суретші

Талантты адам жерде қалмайды.Әйтеуір танылады. Қылқаламмен майлы  бояусыз өмірімді елестете алмаймын. Суреттерім  жетпістің желкенніне келгенде жарыққа шықты.  Көптің жүрегінен орын алса солда  бақыт мен үшін. 

Көрме ақпан айының жиырма алтысына дейін жалғасады.Шараға келем деушілерге есік ашық.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Саран қаласында ұлттар мәдениетінің 6 - облыстық  фестиваль өтті
15:09, 8 желтоқсан 2017
Саран қаласында ұлттар мәдениетінің 6 - облыстық фестиваль...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...