Қарағандылық театр әртістері ұлы Абайды басқа қырынан көрсетті

16:38, 15 наурыз 2017

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры жаңа премьераны көрермендер назарына ұсынды. Өнер ордасының рупертуарына «Абай мен Әбіш» спектаклі қосылды. Бір жарым ай уақыт ішінде Абайдың бейнесін зерттеген әртістер қойылым арқылы ұлы ақынның жаңа қырын танытып отыр

Заманында Абай жалғыз ағасы Тәкежанмен тіл табыса алмағаны белгілі. Алайда, сол жек көрініш пен түсініспеушіліктің сырын көпшілік ұға бермесі анық. Міне, осы қарым-қатынас арқылы театр әртістері Абайды ерекше қырынан танытқан. Шебер сомдалған бейнелер, сахнаның безендірілуі, көрерменді ерекше әсерге бөледі.
Күні кеше бала Әбіштің дана Абайға қарап бой түзеуі, оның парасаттылығынан өнеге алуы толықтай осы қойылымда қамтылған.  Ал, ел арасында іріткі салған Тәкежанның тірлігі жанына батқан Абай амалсыздан жақынына қарсы шығып, ақиқат үшін күресуге мәжбүр болды.
Мыңмен жалғыз алысып, елінің тағдырын ойлаған данышпан Абайдың өмірі қиындық пен шырғалаңға толы болады. Қойылымдағы шиеліністерді сезінген көрермендер сілтідей тынды. Керемет көріністің кейіпкерлері сол заманды айнытпай сомдап жатыр.

Жаз маусымы театр үшінде табысқа толы болмақ. Себебі, ел аумағынан бөлек таланттылар топтасқан ұжымның өнерін тамашалау үшін шетелдіктер де шақырып жатыр. 20-шы наурыздан бастап Татарстан еліне гастрөлдік сапар шегіп, Гамлет қойылымын қойса, Түркия жерінде де театр даңқын асқақтатып қайтуды жоспарлап отыр. 

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...