Қарағандыда «Болашақ жұлдыздары» атты фестиваль өтті

15:40, 19 сәуір 2017

«Болашақ» колледжі музыкалық шараны жетінші рет ұйымдастырды. Оқу ордасындағы шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салып, көрермен алдында есеп берді

Дәстүрлі фестиваль жыл сайын әртүрлі форматта өткізіліп келеді. Биылғы шара ғашықтар күні – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мерекесіне арналды. Колледж студенттері, бүгінде сан түрлі салада қызмет етіп жүрген түлектер мен оқытушылар өз өнерлерін ортаға салды. Барлығы 9 топ  махаббат тақырыбында ән шырқап,  тыңдарманға қуаныш сыйлады. Колледждің көркемдік жетекшісі Серік Кәріпов студент Жібек Сесерханмен бірге   «Әдемі» әнін орындады.  Ұстаз бен шәкірт  шараға үлкен дайындықпен келген.   Колледж студенттер үшін сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін де шыңдап келеді. Білім ордасының түлектері бүгінде әр саланың мықты мамандары. Республикалық деңгейдегі сахнада да өнер көрсетіп  жүр.  Сондықтан мұндай шаралар жас жұлдыздарың таланттарын танытуға  сеп болары  сөзсіз.

 

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Саран қаласында ұлттар мәдениетінің 6 - облыстық  фестиваль өтті
15:09, 8 желтоқсан 2017
Саран қаласында ұлттар мәдениетінің 6 - облыстық фестиваль...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...