Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды

12:50, 20 ақпан 2018

Шарада елімізге аты танымал суретшілердің 40-тан аса туындылары қойылды

Сондай-ақ «Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Қазыбек би мен Бұқар жырау» атты музей сабағы өтті. Көрмеде оқушылар алдыменен Әбілхан Қастеев, Қанафия Телжанов, Хамза Какимов, Жақсыбай Қалиақпаров, Айбек Бегалин сияқты қазақтың майталман суретшілерінің шығармаларын тамашалады. Содан соң балаларға «Ұлы даланың ұлы тұлғалары:Қазыбек би мен Бұқар жырау» атты музей сабағы өтті. Мұражай қызметкері бабалардың өмірі мен ерлігі жайлы баяндады. Бүлдіршіндер атақты жыраудың өлеңдерін оқып, көрмеден алған әсерлерімен бөлісті.

Ақгүлім БОДЕЕВА  №16 мектептің оқушысы

Көрме бізге қатты ұнады. Бабаларымыздың порттерін көріп тәнті болдық. Алдағы уақытта тағы осындай көрмеге келіп тұрамыз./

Көрменің төрінен орын алған суреттердің бірі  - Қазыбек бидің портреті. Авторы:  Қарағандылық суртеші – Жақсыбай Қалиақпаров. Бұл туындыны - 2016 жылы  мұражайға шебердің отбасы тапсырған екен. Ал, Бұқар жыраудың бейнесін кенептің үстіне түрлі-түсті майлы бояумен 1993 жылы жерлесіміз Айбек Бегалин  салған. Оны суретші  облыстық музейге өз қолымен тапсырып, аманаттаған. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Қаз дауысты Қазыбек бидің» 350 жылыдығы кең көлемде аталып өткен болатын. Ал, ағымдағы жылы Бұқар жыраудың 350-жылдығы тойланбақ.

Абзал МҮСЕНОВ  бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Біз балаларды көрмеге әкелу арқылы, тарихын, ұлы тұлғаларды таныса дедік. Болашақ ұрпақ осылай рухани жаңғырады.

Сондай-ақ көрмеде Қазыбек бидің , Құрманғазы  Садырбаевтың, Күләш Байсейітованың, Қаныш Сатпаевтың және Олжас Сүлейменовтың портреттері ілінген. Оларды кезінде музейге суретшілер тапсырған көрінеді. Бұл шеберлердің қыл қаламынан туындағын жұмыстар бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталып келеді,- дейді ұйымдастырушылар.

Назерке ЖАРТЫН  бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері

Алғаш рет ұйымдастырып отырмыз бұл көрмені. Мұнда барлық Қазақстанның туындылары қойылған. Қаншама жыл тарихы бар суреттер әлі күнге дейін жақсы сақталған.

Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және облыстық бейнелеу өнері  музейінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара 27 ақпанға дейін жалғасады.  Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...