ӘУЕЗДІ ӘУЕН ТӨГІЛГЕН КЕШ

17:00, 28 қаңтар 2019

«Сиқырлы вальс әуені тербейді мені». Қарағандыда осындай атаумен музыка кеші өтті. Бағдарламада қазақ, орыс және шетел композиторларының 20-ға жуық шығармалары орындалды.

Кеш шымылдығы қазақтың көрнекті композиторы Кенжебек Күмісбековтің «Жастық шақ сюитасынан вальс» атты туындысымен ашылды. Бұдан бөлек, «вальстің королі» саналған Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиевтің,  Чайковскийдің, Сафонцевтің шығармалары халықтың құлақ құрышын қандырды.

Халық, Роза СҰЛТАНҒАЗЫ  Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Жастық шақыт еске алайық деп келіп отырмыз. Шәмші Қалдаяқовтың туындыларын тындап бір демалып қайтындар деп балаларымыз жеберді. Әрдайым осындай концерттерді жібермеуге тырысамыз.

Бұл күні музыка кешіне жиналғандардың қарасы қалың болды. Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің жеке орындаушылары түрлі композиторлардың шығармаларын орындады. Ұйымдастырушылар болса, жылда бұл кешті халықаралық әйелдер күніне орай өткізетіндерін айтады. Ал бұл жолы қаңтардың қақаған аязында халық жүрегін әсем әуенмен тебірентіп, рухани демалтуды көздеген.

Дүйсен ҮКІБАЙ,   оркестрдің бас дирижеры:

-Біз тыңдарман қауымыды сағынышпен күтеміз. Олардың көңілінен шығу үшін аянбай еңбек етеміз. Күннің суығына қарамастан әдемі әуен тындап, көңілдері жайдары болсын деген тілейміз.

Вальстің қанат біткендей қалықтаған нәзік әуені тындарманға ұмытылмас кеш сыйлады. Керемет кешке келген өнерсүйер қауым әуезді әннің ырғағына тербелді.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар