Әйгілі сазгер-туған жерінде

16:30, 18 сәуір 2017

Есімі әлемге танымал жұлдыз Саран қаласының тумасы, әлемге әйгілі сазгер және дирижер Андрей Классен отыз жылдан кейін алғаш рет туған жеріне оралды. Саранда өзі тәмамдаған өнер мектебінде ол жаңа туындыларының тұсауын кесті

Фортепианода  Хенрик Классен  балалар арналған пьесасын  ойнауда. Сол туындылар арқылы оның есімі бүкіл әлемге танылды. Еуропа мен Азия елдерінің өнер сүйер қауымы үшін ол  танымал  композитор. Ал сарандықтарға №3 өнер мектебінің түлегі Андрей есімімен белгілі. Осыдан отыз жыл бұрын өнер майталманы отбасымен Германияға көшіп кеткен. Бүгін Андрей  туған елге шеберлік сабақтарын өткізу үшін  арнайы келіп отыр.

 

Андрей КЛАССЕН  сазгер  

 - Менің шығармаларым фортепианода ойналады. Симфониялық оркестрлерге де өңдеулерім бар.  Туындыларымның көбі балалар тақырыбында. Романтикалық тақырыптағы пьесаларым да  бар. Оны үлкендер де зор құлшыныспен ойнайды.

 

Кешке музыка мектептерінің оқушылары қатысты. Екі күн бұрын бұл жерде  Андрей Классеннің шығармашылығына арналған фестиваль өткен болатын. Онда басқа қалалардан келген балалар фортепианада ойнау шеберліктерін көрсетті. Диплом, сыйлықтармен мараппаталған жасөспірімдер енді,  дарын иесімен   көзбе-көз кездесіп,  танысты.  

Зәуреш ҚОЖҰҚОВА    Саран қаласы №3 өнер мектебінің директоры

-  Оның әндері ғажайып. Кез келген туындысынбір рет  тыңдасаңыз, басқа да әндерін білуге асығып тұрасыз. Мен бұл мектепте көп жылдан бері жұмыс істеймін. Балалардың оның пьесаларына деген қызығушылықтары өте   жоғары.

 

Андрей Классен  көрермендер үшін өзінің ескі және жаңа туындыларын орындады.  Бүгінде ол  бірнеше хор мен жеке  музыка мектебін меңгеруде. Оқушылар үшін жаңа туындылар жазуды жалғастыруда. Көптеген концерттер де ұйымдастырып келеді. Композитор Қазақстанда аптаның соңына дейін болмақ.

 

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Биыл қазақтың белгілі композиторы, әнші  Әсет Найманбайұлына 150-жыл
17:35, 19 қазан 2017
Биыл қазақтың белгілі композиторы, әнші Әсет Найманбайұлына...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...