АРҚА НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Жақында Қазақстан Ұлттық теларнасының ұйымдастыруымен «Мен Қазақпын» атты телевизиялық мега жобасының аймақтық іріктеу кезеңі өткені белгілі. Елорда да санаулы күндерден соң республикалық байқау басталады

17:23, 4 тамыз 2017   169

«Мен Қазақпын» халықаралық музыкалық байқауында  18 бен 40 жас аралығындағы термешілер, күйшілер және дәстүрлі әншілер бақ сынады. Оған еліміздің әр аймағы мен Ресей, КХР, Моңғолия мен Алтайдан өнер иелері қатысады. Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан тележобаның мақсаты - ұлттық музыканы насихаттауға және дамытуға, терме мен күйді, орындайтын жаңа таланттарды іздеуге бағытталған. Қарағанды облысында өткен іріктеуге барлық номинация бойынша 40-қа жуық үміткер қатысып, оның үшеуі республикаға жолдама алды. «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы Әнуар Адамбаев өңір намысын қорғауға сақадай саймын дейді. Халық әні «Қысметті» орындап, қазыларды қайран қалдырмақ. Арқа абыройын қорғайтын талантты өнерпаздар, «Күйші» номинациясының жеңімпазы Балқан Смағұлов пен үздік  термеші Нұрмұхаммед Байсүгіров те соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұл олардың республикалық деңгейдегі алғашқы байқаулары. Бұған дейін аудандық, облыстық өнер сайыстарында үздік атанған. Бүгін республикалық тележоба үміткерлері Астанаға аттанады. 10 күн елордада тағы дайындалып, өнер додасына қатысады. Бірінші кезеңнен өткен жеңімпазды, екінші айналымда көрермендер дауыс беру арқылы таңдайды.

Әділбек ҚҰМАР

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25