«Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері

С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Алдымен шығармашылық топбаспасөз мәслихатында журналситердің сауалдарына жауап берді. Одан кейін актерлер көрермендермен бірге фильмді тамашалады.Ауқымды тарихи жобаның негізгі авторы –Елбасы Н.Назарбаев

17:00, 11 қаңтар 2017   660

Кинодастанды түсіруге 500-ге тарта адам, 100-ге жуық актер жұмылдырылды. Фильм 15-ғасырдың орта тұсынан сыр шертеді. Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Керей мен Жәнібектің жер жәннаты Жетісуда өз ұлыстарын құрған сәтін суреттейді.
Көркем фильмнің режиссері Рүстем Әбдіраш 5 ай түсірілген фильмнің тарихи, тәрбиелік мәні орасан дейді.

Қалың қазақ көптен күткен «Алмас қылыш» фильмі 10 сериядан тұратын «Қазақ елі» телехикаясының кинонұсқасы. Кинотуындыға қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романының «Алмас қылыш» бөлімі негіз болған.

Фильмнің желісінде дала данышпаны Асан қайғының ұлы көшке себеп болған қазақтың басынан өткерген оқиғаларды есіне ала отырып, баяндағаны көрсетіледі. Режиссердің айтуынша І.Есенберлиннің кітабы Кеңес Одағы кезінде жарық көргеннен кейін көп ақпар алынып тасталған. Сценарий авторларының толықтыруынан кейін 15 ғасырдың ортасындағы оқиға суреттеліп, осы уақытқа дейін айтылмай келген ақиқаттың көбі көрініс тапқан.

Ерекше атап өтерлігі,  бұл фильмдегі басты рөл Керей ханның бейнесін жерлесіміз,  С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Қайрат Кемалов сомдады. Жалпы фильмнің түсірілімі барысында түрлі қиындыққа тап болсақ та, бар күш-жігерімізді салып сол заманның тауқыметі мен  тарихи тұлғаның бейнесін  жеткізуге тырыстым дейді, жерлесіміз.

Актерлердің киімдері Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінде тігілген. Фильм түсірілімі 30 түрлі алаңда жүріп, көбіне Алматы облысы аумағында өткен.

Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25