«АЙТЫЛМАҒАН СӨЗ»

14:58, 17 қаңтар 2019

Станиславский атындағы театр сахнасында «Айтылмаған сөз» трагедиялық - комедиясының койылым алдындағы көрсетілімі өтті. Қоюшы режиссер Елдос Лекеновтің тұңғыш спектаклінде көптеген авторлық жобалары жүзеге асқан.

«Айтылмаған сөз» трагедиялық-комедиясында театр залының аумағы барынша көркейтілген. Драманы орыс жазушысы, драматург Родион Белецкий 17 жыл бұрын шығарған, бірақ бұл тақырып осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автор өмір жолы мен бақытты таңдау сұрағын қояды. Бұл сұрақтың жауабын басты кейіпкер күнделікті өмірден емес, өмір мен өлім шекарасынан табады.

Андрей БЕЛАВИН, актер:

-Ой өте тереңде. Біз бір-бірімізді жоғалтқан кезде, жамандығымызды ғана еске алмауымыз керек. Әрине, қиындығы сол бұл камералық қойылым. Әртіс ретінде, мен үшін, бұл өте қызықты және үлкен тәжірибе болды.

Қойылымның авторы – Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Елдос Лекенов. Бұл оның алғашқы үлкен жұмысы. Пьесаның сценариін ол ыңғайына қарай өзгерткен,  диалогқа акцент қою үшін біраз жерін алып тастады, минимализм құрды. Сонымен қатар, режиссер көрерменді - жайлы орыннан әртіске жақындатып  қойды. Оның ойынша, бұл спектакль кейіпкерлерімен театр қонақтары арасындағы шекараны бұзып қана қоймай, «төртінші қабырғаны» бұзуға ерік береді.

Елдос ЛЕКЕНОВ, қоюшы режиссер: 

-Біржарым әлде екі ай дайындалдық. Қазір қайталап жатырмыз. Қайта еске түсіріп, қалпымызға келіп жатырмыз. Ешқандай қиындықтар болмады. Маған басты кейіпкерлерді сомдаушы актерлер және театр басшылығы көмектесті.  Өйткені жаспын және алғашқы қойылым.

Алғашқы қойылым 18 қаңтарда өтеді. Алайда барлық билеттер өтіп кеткен көрінеді. Ақпан айында пьеса қайта көрсетіледі.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар