Сап түзегендердің қатарында мектеп, балабақша өзге де мемлекеттік мекеме мамандары болды

19:29, 1 мамыр 2017

Көшені бойлай өткен Шет ауданының 2000-ға тарта тұрғыны орталық саябақта бас қосты. Мұнда, жас өнерпаздар көпшілікті тәнті қылған ынтымақ пен достықты ту еткен сахналық қойылыммен қарсы алды. Фестиваль аясы аудан әкімі Марат Жандәулетовтың ізгі лебізге толы құттықтауымен ашылды

Шет ауданында қазір 40-қа жуық ұлт өкілі тату -тәтті тұрып жатыр. Олар қоғамдық жұмыстарға араласып, әр мерекені бірге тойлайды. Биыл да жұмыла өнер көрсетіп,  бірлік мерекесін бір шаңырақ астында тағы да айрықша атап өтті. Бұл күні орталық алаңда қазақ, армян, өзбек, азербайжан және де басқа ұлт пен ұлыстың салты мен дәстүрі  көрсетілді. Бір ту астында татулықпен тоғыса білген тараптардың тілегі де, тірегі де осы бірлік күнінің шынайы көрінісі екендігін аңғартты. Мерейі үстем мерекеде тұрғындардың ризалық пейлінің  куәсі болдық. Шет ауданында айтулы мейрам  жылдағыдан өзгеше, мазмұнды һәм берекелі атап өтілді. Шара аясында арзан бағамен ұсынылған азық-түлік жәрмеңкесі де аудан жұртының мерейін асыра түсті. Осы күні 6 тоннаға жуық әр түрлі өнім сатылымға қойылды. Сондай-ақ, өзге  ұлт тағамдары мен бауырсақ пісіріліп, щеруге қатысушыларға тегін таратылды.  Мерекелік кеш барысында, ынтымақ пен татулықтың үлгісі ретінде аспанға шар ұшырған аудан жұртшылығы от шашуды да тамашалады. Көпті ән мен жырға сусындатқан керемет көріністерге толы кеш соңында жас өрендер жаяу жүгіруден жарысқа түсті. Ауданға қарасты Ақой ауылының қос өрімдей қызы 13 жасқа дейінгі бұрымдылар арасында өткен сайыстың алғашқы екі орнынды иеленді. Осылайша, мәдени шаралардан бөлек, спорттық ойындар арқылы  аудан жұрты  ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетті.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар