103 жасқа келген ардагер бұл күні де таңғы жетіде тұрып, мерекеге дайындалды

12:14, 9 мамыр 2017

Өзі бұл жауынгерлік тәртіп пен әдет дейді. Жеңіс солдаты небәрі 19 жасында Жанония еліндегі 18-ші шекарадағы шайқасқа түскен. Газет оқып, теледидардағы еліміздің бүгінгі жетістігін көргенде төккен тер еш кетпегенін түсіністікпен айтады. Әдетте, Мейрам күндері майдангерді құттықтап, әрі ақ батасын алуға келетіндер қатары қалың болады. Себебі Мұқажан ата Шет ауданындағы ең жасы үлкен қария

Бейбіт көктемінің 72 -ші жылын  қарсы алғанның бірі -Жұматай Құтжанов. Бәріне беріле бермейтін Богдан Хмельницкий орденінің иегері. Денсаулықтарына байланысты мерекеге қатыса алмайтындықтан, аудан басшылығы  майдангер шаңырағына барып, сый-сияпат ұсынды. Ардагерлердің ақ батасынан соң Шет ауданынындағы мерекелік шара басталып кетті. Алдымен 7 мамыр күнгі «Жеңіс лентасының» акциясы жалғасын тапты. Кеше қолдарына қару алған майдангерлер құшағы бүгін гүлге толды.  Шет ауданынан  майдан даласына 5 жарым мың сарбаз аттанса, оның 2000-ға жуығы отанына оралмаған. Бүгін Мәңгілік алау алдына жиналған жерлестері көзжұмған боздақтардың рухына тағзым етті. Орталық алаңға  әскери шатыр тігіліп, тыл ардагерлері мен тұрғындар солдат ботқасынан дәм татты. Әскери әндер шырқалып, алаң нағыз майдан даласындағы кейіпке айналды. Қанқұйлы соғыс басталғаннан аятақталғанға дейінгі жылдар жаңғырығы сахнада театрландырылған қойылымда көрініс тапты. Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова тәрізді батыр қыздар қаһармандығы көрсетілді. Майдан даласында Роза Бағланованың шырқаған әнін есту көпшілікті елжіретті. Ал Жеңіс күні әнін барлық шеттік жұртшылық қосыла орындады.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар