"Ғұмыр өтер"

Жол-көлік апатынан күн сайын зардап шегіп жататын жандардың рухына арналған,  көрерменін ойға қалдырып, өмірдің мәнін терең түсінуге жетелейтін құнды көркем дүние ғұмырдың әр сәтін өкінбестей  етіп  өткізуге шақырады.

Қайтсе де көлік мініп шалқып жүру үшін банктен ипотека  алып, қарызға бату қазір әр шаңырақта, әр отбасында  кездесетін жағдай. Міне осы бір «қысқа жіп күрмеуге келмейтін» қиындық баланың нәзік жүрегіне қалай әсер етеді...

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының жас режиссері Қаршыға Иген түсірген бұл көркем фильмге осы телеарнаның қызметкерлері бір кісідей атсалысқан. Ешқандай қаржы бөлінбеген, демеушілерден де көмек сұралмаған картина облыстық  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының  басшылығының  қолдауымен түсіріліп, жарыққа шығып отыр. 

Басты рөлдерде Райхан Әбілқасова, Мәдияр Қойшығарин, Дильназ Орымбекова. Сценарийін жазғандар Қаршыға Иген, Ботабек Тілеген, Әділбек Құмар.

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25