Гомм Ираида Михайловна

1954 жылдың 2 қазанында Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін, «Фемида» Заң академиясын бітірген. Ираида Михайловна өз еңбек жолын 1972 жылы «Казсельхозтехника» Қарағанды ремзаводында жұмысшы ретінде бастап, 4 жыл бойы сол жерде еңбек етті. Ары қарай еңбек қызметі мемлекеттік құрылымдардағы жұмыстармен байланысты болды.
 
25 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды, оның ішінде партиялық, кеңестік құрылымдарда, Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитетінде, Қарағанды қаласының әкім аппаратында ұйымдастырушылық-кадрлық бөлімдерінде басшылық етті. 2005 жылдың тамызынан бастап, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалында кадр жөніндегі аға инспектор-заңгер. Екі рет Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және Қарағанды қаласы әкімінің мақтау грамотасымен марапатталған. 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.