Тойжігітов Әли Мүсәлұлы

1954 жылдың 26 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1978 жылдан Қарағанды облыстық телерадиокомитетінде редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
 
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 1988 жылы «Жігер» Бүкілодақтық жастар фестивалінің дипломанты. Республикалық байқаулардың жеңімпазы. 2006 жылы облыс әкімінің «Алтын Сұңқар», 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның «Нұр Сұңқар» сыйлықтарына ие болады. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.
 
2012 жылы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған республикалық байқауда «Ғибрат» хабары І орынды иеленді. 2013 жылы өндіріс саласына арналған «Сарыарқада жасалған» хабарлар топтамасы үшін республикалық «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты атанды.