Балбекова Галина Зейноллақызы

Балбекова Галина Зейноллақызы, бас редактор
1955 жылдың 9 ақпанында туған. 1972-1977 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 1977 жылдан «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалында жұмыс істейді. Түрлі редакцияларда редактор, аға редактор қызметін атқарған. 1992 жылы Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары болған. Облыстық және республикалық деңгейдегі марапаттауларға ие.
 
Жеңістің 50 жылдығына арналған топтама хабарлары үшін ҚР Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. 3-ші дәрежелі «Трудовая слава» төсбелгісінің иегері. 2007 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығының иегері, «10 жыл Астана» (2008 ж.) және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды (2011 ж.). Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жөнінде дайындалған үздік шығармашылық жұмысы үшін «Нұр Отан» ХДП сыйлығының иегері (2012 ж.). ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.