Садықанов Жәнібек Махмұтұлы

Садықанов Жәнібек Махмұтұлы, филиал директорының орынбасары
1977 жылы 20 наурызда Қарағанды қаласында туған. №101 «Аян» орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін, экономика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Қарағанды маргарин зауытынан бастаған. 1998-2000 жылдары «Карагандинский Вестник» газетінде тілші, 2000 жылы «Новый Вестник» газетінде тілші, 2000-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы, 2006-2007 жылдары «ТВК» Қарағанды телеарнасының директоры, 2007 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы жарнама бөлімінің аға менеджері қызметінде болған. 2010 жылдан - филиал директорының орынбасары.