Нұрғалиева Лейла Ескенқызы

Сәтбаев қаласында туған. Мамандығы: актриса, журналист. «Қуырмаш» хабарының ұйымдастырушы-редакторы. «Ғибрат», «Талғам мен таным» хабарының редактор- жүргізушісі. Еңбек жолын Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында актриса болып бастаған,  Жезқазған қалалық «Дидар» телерадио хабарларын тарату дирекциясында диктор- жүргізуші қызметін атқарды. Облыс, қала әкімдіктері мен мәслихаттың құрмет грамоталарымен, арнайы сыйлықтарымен марапатталған. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында 2013 жылдан бастап еңбек етеді. Алғашқыда жаңалықтар бөлімінде редактор, диктор болып жұмыс істеді. Бүгінгі таңда бірнеше хабарлардың редакторы, «Сазды сәлем» құттықтау хабарының жүргізушісі.