Құмар Әділбек

29.03.1983 жылы  дүниеге  келген.

Қарқаралы ауданы Қ.Аманжолов ауылының № 19 орта мектебінде               2002  орта мектепті бітірген, 2006 жылы ҚарМУ-дың филология факультетін тәмамдаған.

2006-2009 ж.ж  Нұра ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

2009-2011 ж.ж  Облыстық тілдерді дамыту  басқармасы  ономастикалық сараптама  және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бас маманы.

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін  облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының бағдарламалар дайындау бөлімінің редакторы.

Құмар Әділбек отбасылық құндылықтарды, атадан балаға жеткен дәстүрді сақтаған өнегелі әулетпен сырласып, болашақ ұрпаққа отбасын құрудың жарқын үлгісін насихаттауды мақсат еткен, бүгінде көрерменге кең танымал болған,  арнамыздағы рейтінгі жоғары  «Шаңырақ» бағдарламасының авторы.

Сондай-ақ,  «Ел  іші - өнер кеніші» демекші, ел арасында, алыс ауылдарда  танылмай жүрген, мамандығы басқа болса да жүрегі, жаны әнді, өнерді  қалайтын жандарға қолдау көрсетіп,  көгілдір экранға шығару,  өнерге ән-күйге бейімі бар талант иелерін анықтап, оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен «Арнадым саған...» теле-думанының авторы әрі жүргізушісі.

Қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді ортаға салып талқылап, телекөрерменге ойтастауды мақсат еткен «Ойталқы» ток-шоуын жүргізеді.