Елубаев Жанбота Рахметуллаұлы

1992жылы 12 шілдеде күні дүниеге келген.

Паролі:Барша әулетке-бақ даулет! Қарағанды облысы  Жаңарқа ауданының тумасы.2012жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша үздік тәмәмдаған.Жоғары оқу орнын бітіргеннен соң «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қарағанды облыстық филиалының «Жаңалықтар» бөлімінің   редактор-жүргізушісі болып жұмысқа орналасады. Өмірлік позициясы Ала сөйлеп ұлыққа  емес,адал сөйлеп халыққа жағу. Ақпараттық бағдарламаға тән жедел және оқиғалы  сюжеттерді уақтылы түсіреді. «Жаңғырық» интеллектуалды ойын бағдарламасының жүргізушісі болды. «Арнайы репортаж» танымдық хабарының авторы.Студент кезінде-ақ ҚАЗМУ-да өткен «Ең болашақ дарынды журналист «олимпиадасына қатысып, жүлдесін жеңіп алған. Облыс әзілкештерінің «Жымиясың сен неге?»  деп аталатын Мартбек Тоқмырза атындағы облыстық  байқаудың бас жүлдесіне ие болған. Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясы және Қарағанды облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының, Қазақстан мұсылмандар діни басқармаларының алғыс хаттарымен бірнеше мәрте  марапатталған.