Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев

Қарағанды облысында дүниеге келген. Екі жоғарғы білім алған.
 25 жыл аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің  әр саласында еңбек етеді.. 
2005 жылдың сәуірінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры. 
2008 жылы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттікнаградасымен және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (2003 ж.), «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес бюросының (2008 ж.) Құрмет грамоталарына және Қарағанды облысы әкімінің (2007 ж., 2008 ж., 2011 ж., 2012 ж.), Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының (2008 ж.) Алғыс хаттарына ие болған.