Телеарна туралы

1954 ж. КПСС Орталық Комитеті  мен КСРО Министрлер Кеңесі 10 телерадио орталықтарының құрылысы жайлы ортақ қаулы қабылдады. Солардың қатарына Қарағанды облысы да енді.

01.03. 1958 ж. К.Қасымжанов Қарағанды облыстық атқару комитеті еңбекші депутаттар Кеңесі жанындағы облыстық радиохабарларын тарату және телевидение комитетінің бірінші төрағасы қызметіне кірісті.

12.03.1958 ж. Қ.Аманбаев Қарағанды облыстық атқару комитетінің еңбекші депутаттар Кеңесі жанындағы облыстық радиохабарларын тарату және телевидение комитеті төрағасының орынбасары және Қарағанды телестудиясының алғашқы директоры болып тағайындалды.

31.08.1958 ж. Қарағанды телестудиясы шахтерлер күніне арналған кинобағдарламамен алғаш рет эфирге шықты.

04.10.1958 ж. Хабар жүйелі түрде (аптасына 4 рет – сәрсенбі, сенбі және 2 рет жексенбіде) таратыла бастады.

11.10.1958 ж. Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясы жайлы алғашқы студиялық хабар эфирге берілді.

1958 ж. қазан Қарағанды облысын Ленин орденімен марапаттауға арналған мерекелік салтанатынан алғашқы кино түсірілді.

1959 ж. «Ірі планмен» атты алғашқы сатиралық тележурнал эфирге шықты.

1960 ж. «Рождение батыра» атты алғашқы хроникалық  деректі фильм жасалды.

1961 ж. «Қарағанды» қонақ үйінің құрылыс объектісінен алғашқы тәжірибелік сынақ бағдарламасы түсірілді. 1 Мамыр күніне арналған еңбекшілердің  шеруінен ЖТС жүйесі арқылы алғаш рет бағдарлама жасалды.

Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы бойынша қазақ тілінде тұңғыш телеспектакль қойылды.

1962 ж. «События и люди», «Жаңалықтар» атты күнделікті ақпараттық бағдарламалар өмірге келді.

1963 ж. Қарағанды телеарнасының хабары  Алматы қаласында алғаш рет көрсетілді.

1964 ж. Орталық телевизияға  алғашқы шығу. «На дорогах семилетки» атты Қарағанды телеарнасының туындысы Мәскеуде және Киевте көрсетілді. «Совхоз называется «Киевский» атты телефильм КСРО Мемлекеттік телерадиосының үш бірдей дипломымен марапатталды. 

1965 ж. Орта Азия және Қазақстан телевизиялық фильмдерінің  фестивалінде «Теңіз, біз әлі кездесеміз» атты фильм дипломға ие болды. Осы жылдан бастап Николаев, Попович, Волков, Терешкова және т.б. космонавтардың жерге қону сәтінен үздіксіз кинотүсірілімдер жүргізілді. Алғаш рет неміс тіліндегі телебағдарлама көрсетілді.

1967 ж. Телевизиялық фильмдердің екінші Бүкілодақтық фестивалінде «Үлкен Тұрмағанбетов» және «Рекорд жаңғыртушылар» атты екі жұмыс көрсетілді.

1968 ж. Композитор Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ғасыр үні» атты алғашқы түрлі-түсті телевизиялық фильм жасалды. «Восток» жүйесі бойынша Орталық телевидениенің алғашқы бағдарламасы қабылданды.

1969 ж. Ленинградта өткен Бүкілодақтық телестудиялар арасындағы фильмдер фестивалінде «Ленинград-Қарағанды» картинасы «Халықтар достығы» тақырыбын өте жақсы ашқандығы үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

1972 ж. Қарағанды теледидарының «Родники» атты   музыкалық телехабарының Орталық телевизия бағдарламасындағы жеңісі.

1975 ж. Қазақ және Орталық телевидениенің  телехабарлары «Орбита» жүйесі бойынша қабылдана бастады. «Жолдас» жастар бағдарламасының алтыншы републикалық фестивалінде «КПД по Виктору Бычковскому» атты телеочеркіне бірінші орын және жеңімпаз сыйлығы берілді.

1976 ж. Бейнемагнитофонға алғаш рет бірінші хабар жазылды. Телерадиоорталық ұжымы КСРО мемлекеттік телерадионың Құрмет грамотасымен маратталды. Қарағанды да жетінші республикалық «Жолдас» фестивалі өткізілді.

1977 ж. Горький қаласында жастар бағдарламаларының Бүкілодақтық фестивалінде «Отдай и ты людям» телеочеркіне бірінші орын және жеңімпаз сыйлығы берілді. Қазақ тіліндегі «От жанындағы адам» телеочеркі фестиваль дипломын еншіледі. Телерадиоорталық ұжымы Бүкілодақтық социалистік жарыста жеңімпаз деп танылды және радиотаралымы бойынша дипломмен және КСРО Мемлекеттік комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. «Жолдас» бағдарламасы сегізінші республикалық фестивальдің дипломын иеленді.

1978 ж. «Алматы – Қарағанды» радиорелейлік желі қодануға берілді. Ленинград қаласында өткен телевизиялық фильмдердің жетінші Бүкілодақтық фестивалінде жұмысшылар өміріне арналған «Большая семья» картинасы ең үздік фильм сыйлығын жеңіп алды. Свердловск қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық фестивалінде «Мамина работа» фильмі фестивальдің арнайы дипломымен марапатталып, ең үздік сценарий үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

1979 ж. Телерадиоорталық ұжымы Бүкілодақтық социалистік жарыста теледидар және радиоқызмет бойынша дипломмен және КСРО мемлекеттік комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен, сонымен қоса тұрғындарға телевизиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырғаны және телеорталықтың 20 жылдығына байланысты жемісті қызметі үшін Қазақстан Компартиясы Қарағанды обкомының грамотасымен марапатталды. «Проблемы и характеры», «Адамзат сұлулығы» телеочерктері «Жолдас» фестивалінің басты сыйлықтарын иеленді.

1980 ж. Телерадиоорталық ұжымы республикалық социалистік жарыста өндіріс тиімділігі мен сапалы жұмыстары үшін, сондай-ақ оныншы бес жылдық жоспарын өте жақсы орындағаны үшін арнайы Құрмет дипломымен марапатталды.Телеорталықтың еңбек жағдайы  Бүкілодақтық  қоғамдық байқауда жеңімпаз дипломына ие болды.

1981 ж. Оныншы республикалық «Жолдас» фестивалінде «Эстафета» телеочеркі әділқазылар сыйлығының иегері атанды.

1983 ж. Телерадиоорталық ұжымы республикалық социалистік жарыста Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қызыл Туымен марапатталды және КСРО ВДНХ құрмет тақтасына 1982 жылғы жеңімпаз болып белгіленді.

1984 ж. Бірінші түрлі-түсті «Окно в природу» бағдарламасы дүниеге келді. Кишинев қаласында өткен Бүкілодақтық жастар бағдарламалары фестивалінде алғашқы «Сайлау құқығы» бейнефильмі көрсетілді. Телерадиоорталық ұжымы Қазақстан Компартиясы ОК Қызыл Туымен марапатталды және  Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің  ВДНХ құрмет тақтасына 1983 жылғы жеңімпаз болып жазылды. «Лотос» жылжымалы телевизиялық станциясы арқылы алғаш эфирлік бағдарлама берілді.

1985 ж. Облыстық телеарнаның шығармашылық ұжымы «Қазақтелефильм» студиясының базасында «Пламя не гаснет» атты соңғы деректі фильмін даярлады.

1986 ж. Орталық телевидениеде қарқаралылық «Салтанат» ән-би ансамблі жайында «Аңыздар әлеміне саяхат» атты бейнефильмі шықты. 

1987 ж. Қарағанды телестудиясының Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына арнаған бағдарламасы республикалық фестивальде бірінші орынды иеленді. Республикамызда алғашқылардың бірі болып «Нет одинокой старости» телемарафоны өткізілді. Жиналған қаржыға Қарағанды қаласында жалғызбасты қарттарға арналған медбикелік күтім емханасы ашылды.

1988 ж. Алматыда өткен Бүкілодақтық «Жігер» фестивалінде «Жас қанат» (Авторы әрі редакторы - Ә.Тойжігітов) және «Терзают вечные вопросы» бағдарламалары арнайы дипломмен марапатталды. Сол жылы оның тағы бір жас кеншілер өмірінен дайындалған «Жас қанат» - деп аталатын бағдарламасы Қазақстан журналистер Одағы мен Қазақстан ДОСААФ  Орталық Комитетінің сыйлығына ие болды.

1989 ж. Соғыс ардагері, тележурналист Шәмшит Қалмағанбетовке және телеоператор Владимир Холодковқа «Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілді. Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді қорғауға арналған 7 сағаттық телемарафон өткізілді. Тамыз айында болған Қарағанды кеншілерінің бірінші ереуілі, 24 сағат бойына тікелей эфирден үздіксіз көрсетілді.

1990 ж. Кеңестік және жапондық космонавтардың қонған жерінен Жапонияға тікелей көрсетілім Қарағанды жылжымалы телестанциясы арқылы жүзеге асты. «Тбилиси» авиатасығышында бейнефильм түсірілді.  «Енді бұл туралы айтуға болады...» фильмінің қаћарманы – Қазақстан Республикасының болашақ тұңғыш ғарышкері  Т.О.Әубәкіров.

1991 ж. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің ғарышқа ұшу және Арқалық маңына қону сәттерінен телерепортаждар ұйымдастырылды.  Осы жылдан бері Қарағанды телестудиясы жаңа жағдайда – тәуелсіз Қазақстанның дамуына қызмет етіп келеді.

1993 ж. Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайынан арнайы телехабардың бастапқы бөлімі даярланып бітті. Қарағандылық бишілердің Голландияда өнер көсетуінен репортаж берілді. Мәскеу (Ресей) қаласында өткен кинофестивальден бейнетүсірілім жасалды.

1994 ж. Қарағандылық спортшылар, әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері туралы телешоу эфирге шықты.

1995 ж.  Абайдың 150 жылдық тойынан циклді жеке бағдарламалар даярланды.

1996 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу телемарафоны өткізілді. Алматыдан спутниктік байланыс жүйесімен бағдарламалар қабылданды.

1997 ж. Милан (Италия) және Париж (Франция) қалаларында жоғарғы сән үлгісі апталығынан арнайы телехабарлар түсірілді.

1998 ж. Омбыдан хабар таратқыш жеткізіліп, антенді-фидерлі қондырғысы монтаждалды.

1999 ж. Аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында облыстық қайырымдылық қорымен бірге «Жүректен жүрекке» телемарафоны өткізілді.

2000 ж. Елбасының қатысуымен  Қарағандыда өткен  алғашқы Президенттік шыршаның тікелей көрсетілуі өткізілді. Мәдениетті  қолдау жылы редактор К.Долдиноваға Қарағанды облысы әкімінің «Жыл тележурналисі» сыйлығы табыс етілді.

2001 ж. Бірінші халықаралық «Шелковый путь-2001» туристік фильмдер фестивалінде редактор Г.Бұхарбаеваның «Арқаның меруерт алқасы» фильмі «За любовь родной природе» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «үздік публицистикалық бағдарлама» телебайқауында редактор Н.Әбжановтың «Көк адырда көп белгі», «Ұлытаудың ұлары жоқ»  телехабарлары бірінші орынды, бас редактор Ә.Жампейісовтің апталық, ақпараттық-сараптау бағдарламасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

2002 ж. Қазақстанның алғашқы астанасы – Орынбор туралы фильмі  Ресейдегі Қазақстан жылы шеңберінде өткен Қарағанды облысы журналистерінің шығармашылық конкурсының дипломанты атанды. Авторы - Г.Бұхарбаева. Алғашқы сандық ТЖК құрал-жабдықтары, монтаж столы, түсірілім мен монтаж сапасын арттыратын DVCPRO форматты магнитофон қолданысқа енгізілді.

2003 ж. Орынбор аймағы мен кезінде онда өмір сүрген қазақтардың танымал тұлғалары туралы деректемелік фильм дайындау үшін түсіру тобы Орынборға (Россия) аттанды. Спутниктік жүйе арқылы облыстың барлық аймағына бір сағаттық ақпараттпен қамту мақсатында «КАТЕЛКО» қабылдау-тарату станциясы іске қосылды.

2004 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Жазғы театр ғимараты алдында қала тұрғындарымен болған сұхбаты телекөпір арқылы жүзеге асты. Ресей мен Германия елдерінде өмір сүріп жатқан белгілі Қарағандылық тұлғалардың тағдырынан сыр шертетін телехабар түсіру мақсатында шығармашылық топ іссапармен барып қайтты. Бұл материалдардың барлығы Қарағанды қаласының 70 жылдығына деректі фильмге енгізді. Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес жүргізу күніне орай өткізілген республикалық «Туберкулез мәселесінің көкейкестілігін ашу» атты конкурсында Әли Тойжігітовтің дайындаған «Денсаулық» бағдарламасы жеңімпаз атанды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған республикалық телебәйгеде автордың және бір «Ауыл жылына» арналған циклдық бағдарламасы жеңіс биігінен көрінді. Хабар «Новая» станциясы арқылы таратыла бастады. Жаңа радиорелейлік жүйесі енгізілді. үш камералы аппаратты-студиялық бөлім (АСБ) іске қосылды. Жаңалықтар шағын студиядан беріле бастады. 

2005 ж. Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты театрландырылған қойылым тікелей эфирден берілді.

2006 ж. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жариялаған республикалы байқауда «Сарыарка - колыбель дружбы» атты циклдық телехабар азаматты, татулық пен ұлтаралық келісім тақырыбын ашқаны үшін екінші орынды жеңіп алды. Авторы – С.Васильева.  Облыстық БАҚ-тар арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген телебәйгеде М.Әбдәлиеваның редакторлығымен шыққан «Біз қазақтықтан неге сақтанамыз» атты телехабары  бас жүлдені жеңіп алды. Телеоператор Қ.Әлиев Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын «Байқағыштығы үшін» номинациясы бойынша иеленді.  Таралым сапасын арттыратын күштілігі 3 кВт қабылдағыш орнатылды. Жаңа эфирлік аппараттық-студиялық бөлім өндіріске енгізіліп, DVCAM форматындағы заманауи монтаж үстелі пайдалануға берілді.

2007 ж. Дәстүрге айналған «Қарағанды – жастық шағымның қаласы» атты ретро - фестивальдің алғашқы  өткізілуінен    репортаж   жасалынды.  «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының қызмет меншік аумағы мен қызмет мекемесінің құқықтық рұқсатнама қағазы берілді.  

Осы жылы Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен жылжымайтын мүлікті заңдастыру, Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Премьер - Министр К.Мәсімовтің қатысуымен «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы жүзеге аса бастады

2007 ж.     Қарағандыда «Қазақстан» ұлттық арнасының 50 жылдығына орай Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының қатысуымен «Дидар» аймақтық телефестивалі өткізілді. Фестиваль әділқазылары Қарағанды телеарнасының жетістіктерін жоғары бағалады. Редактор С.Васильеваның «Телевидение – талант, призвание, успех» тақырыбындағы ток-шоуы, «Теледидар – менің тағдырым» бөлімі бойынша жеңімпаз деп танылды. «Алтын аймақ адамдары» бөлімі бойынша редактор Б.Ибыраеваның «Архивы будущего» деректі фильмі екінші орынды иемденді. Редактор Айжан Қуаш «Үшінші сектор» хабарымен Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды. Қазақ теледидарының 50 жылдығына арналған көрме  сайысында Қарағанды телеарнасы үздік шықты.

Журналистер Г.Балбекова мен Ә.Тойжігітовке, телеоператор М. Ғабдуллинге,  Қарағанды телеарнасының алғашқы дикторларының бірі Г.Рахымоваға Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығы табыс етілді. Редактор Б.Ибыраеваның «Мемлекеттік тіл – менің тілім» телехабары ана тілімізді насихаттау жөнінде БАҚ арасындағы облыстық байқауда Бас жүлдеге ие болды. «Шашу» республикалық телебәйгесінде редактор М.Әбдәлиеваның «Инновация – ел игілігі» хабары жоғары бағаланды. Қарағанды телеарнасының түсіру тобы шығармашылық іссапармен Түркия, Монғолия, Украина, Куба елдерінде болып қайтты. Халық әндерін орындаушы, редактор Ерлан Төлеутай Вильнюсте (Литва) өткен халықаралық музыкалы-сазды фестивальге қатысты.  Телеарна ғимаратына  құрылыстық өңдеу-жаңарту жұмыстары  жүргізілді.  «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды филиалына  меншіктік жер аумағын пайдалану құқығы берілді.

2008 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ басшылығы бұл жылды телеарна ардагерлері жылы деп жариялады. Қарағанды телеарнасының ардагерлері жайындағы «Теледидар - менің тағдырым» атты циклдық телехабарлар дайындалды. Облыстық телеарнаның дамуына өзіндік үлес қосқан бас инженер В.Амочаев, редактор Г.Балбекова, аға телеоператор М.Ғабдуллин және телеарна ардагері Г.Рахымова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды.

Аға режиссер Р.Ысқақова мен телеоператор М.Сүлейменов «Алтын белгі» сыйлығына ие болды. Аға дыбыс режиссері  Г.Шиляева, видеоинженерлер В.Мартюшин мен С.Архипов және жарық қоюшы А.Зенгер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мақтау қағазымен марапатталды. Тоғыз қызметкеріне «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының арнайы Алғыс хаты тапсырылды. Қарағанды телеарнасының ардагері М.Ахметова, редактор А.Тезекбаева және телеоператор М.Сүлейменов Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері атанды.

Телеоператор Қ.Әлиев ҚР Білім министрлігі жанындағы балалар құқығын қорғау  комитетінің  шақыруымен Бельгия Корольдігіне іссапармен барып, қазақстандық балалардың  өмірінен репортаж дайындады.  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде эфирге 25-тен астам алуан тақырыптағы төлтума туындыларды әзірлеп жүр. Тәулігіне 14 сағаттық эфирлік таралымның 45 пайызынан астамын өзіндік өнімдер құрайды. Күніне бір сағат спутниктік байланыспен ақпарат таратылады. Үлкен павильонның жарық беру және желдеткіш құрылғылары жаңартылды. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Д.Әбдіхамитов мерейтой құрметіне телеарнаның 6 қызметкеріне қызметтік пәтерлерін меншіктеріне берді.

2009 жылы «Сіз бен біз» ток-шоуы (Редакторы – М.Әбдәлиева) «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған мемлекеттік тілді насихаттау бойынша  республикалық телебайқауда  ІІІ орынды  иеленді.

2010 ж.   Журналист Әли Тойжігітов республикалық «Нұр Отан» партиясының  «Көзқарас» номинациясы бойынша ең алғашқы «Нұр Сұңқар» жүлдесін жеңіп алды. Авторлық бағдарламаларда партия басшылығымен атқарылып жатқан өндіріс саласындағы жетістіктер жан-жақты  қамтылған.

2012 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Астана күніне орай ұйымдастырған байқауда Қарағанды облыстық филиалының редакторы Әшімхан Жәмпейісовтың «Елбасы және елқамы» хабары «Ең үздік ақпаратты-сараптамалық бағдарламалар» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған байқауда «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Әли Тойжігітовтың «Ғибрат» хабары «Еңбек адамы» номинациясы бойынша І орынды иеленді.

2012 жылы Қазақстан Республиқасы Мәдениет министірлігі Тіл  комитетінің  Қазақстан халқы тілдері күніне орай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы жетістіктері үшін редактор Әділбек Құмардың     «Ел мүддесі» ток - шоуы ІІІ орынды жеңіп алды.

2013 ж. ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттігінің бұқаралық спортты насихаттау бойынша «Үздік телехабар» номинациясы бойынша телеарна редакторы Ботабек Тілегеновтың «Спорт, спорт...» бағдарламасы І орынды еншіледі.

2013 жылы – Аймақтың басты арнасы облыс әкімінің «За вклад развитие Карагандинской журналистики» атты номинациясы бойынша  «Алтын сұңқар» сыйлығын жеңіп алды. Сондай –ақ  1 000 000 тенгемен марапатталды.

2014 жылдың телемаусымында «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының 30-дан астам өзіндік хабары қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығып тұрды. Тәулігіне 14 сағат хабар тарататын арна өнімдерінің 60 пайыздан астамы – облыстық филиал ұжымының дайындаған өз бағдарламалары.

2017 ж.  «Қазақстан - Қарағанды» телеарнасы ребрендинг өткізді. Ал, осы жылдың 20 қарашасынан бастап «SARYARQA» деген атаумен, жаңа үлгіде безендіріліп, жаңа маусымын бастады.

2018 жылдың 26 маусым күні ҚР Байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында телеарна ұжымы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үздік жариялағаны үшін» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығына ие болды. Осы күні телеоператор Мұрат Төкенов, «Жаңалықтар» редакциясының редакторы Виталий Несипбаев аталмыш сыйлықпен марапатталды.